» » Мәртебелі ұстаздар

 
 
 

Мәртебелі ұстаздар

Автор: admin от 12-05-2016, 18:30, посмотрело: 998

0
"Ынтымақ" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеген мәртебелі ұстаздар туралы
 

 Мәртебелі ұстаздар

Ұстаз еңбегі- ұлағатты еңбек. Ол жас ұрпақ бойына адамгершілік,адалдық, еңбек сүйгіштік, отаншылдық   қасиеттерін  қалыптастырып,  оларды үлкен өмірге  қанаттандырып отырады .  Осындай жандардың бірі « Ынтымақ» мектебіндегі қазақ тілі  мен әдебиеті  пәнінен  дәріс  берген   ұстаз Ұлжалғас  Құрманбекова .  Биязы мінезді, ақжарқын апайды шәкіттері  әрқашан қадір  тұтып,  құрметтейді.  Бір мектепте үздіксіз  40 жыл қызмет  істеді. Апай шәкірттерінің күшімен өлкетану музейін  ашқан.  Онда 500-дей  экспонат бар.  Музейдің  жастарға  берері  мол  Музейге саяхат жасау арқылы  оқушылар қазақ халқының әр кездегі өмірімен  тұрмыс тіршілігінен  мағлұмат алады.  Апайдың еңбектері  Республикалық    « Қазақстан  пионері»  газеті,  « Балдырған»,  «Пионер»  журналдарына  жарияланып насихатталды.
Осы ерен  еңбектері  арқасында   Ұ. Құрманбекова  апай  « Қазақ  ССР  халық ағарту  ісінің  озық  қызметкері»  значогімен ,  « Отличник  просвещения   ССР» значогі ,   аудандық ,   2  облыстық,  1  Білім министрлігінің  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.
Мақтан ететін  ұстазымыздың  тағы бірін  атап  өтсек  Т. Елғондықызы.  Т.  Елғондықызы   өмір  жолын  «  Ынтымақ» орта мектебінде қазақ тілі мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болып  қызмет атқарды.
Ұстаз баланың  тәрбиешісі  ретінде  адамға  тән  адамгершілік пен  қайрымдылық,  ізгілік пен  қайрымдылық ,  сабырлық  пен  ақылдылык  секілді  қасиеттерді  Т. Елғондықызының   бойынан  кездестіруге  болады.  Осы қасиеттердің  арқасында ол  бірнеше  буын жас  ұрпақты  қанаттандырып  ұшыруда.  Еңбекқорлығының   арқасында қөптеген   жетістіктерге  жетті.  Мұғалімдіктен  аудандық  білім  бөлімінің  аға әдіскері  дәрежесіне жетті.Зейнет жасына шыққаннан кейін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиетінен  сабақ береді.
Оқушыларға тәрбие беру жолындағы жеткен жетістіктері ескеріліп, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің әртүрлі тақырыптағы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.